Өлеңдер ✍️

  03.01.2023
  76


Автор: Қанипа Бұғыбаева

* * *


Бауырым болды тасбауыр,
Тірлігін «қоңыз» бұлдаған.
Көз саттым жатқа, басқа бір,
Түспейді неге, Күн маған?!
Кетті ғой...
ұлмен, қыз шалғай,
Тым тырыс, үнсіз бұл мекен.
Өмірде туыс із салмай,
Өліміміді күтіп жүр ме кекн?..
Кімді айтам?
«төркін жұртым» - деп,
Бауырым суық,...
бар тастай.
Жоғалып барам, біртіндеп,
Толқындар жеген жартастай...


19/XI -1991 ж




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу