01.01.2023
  404


Автор: Жанұзақ Аязбеков

Кіндік шеше

 


 


 


 


 


Туған жердің тумасы, еті тірі, екі тілге бірдей, сымбат-көркі келіскен Ақжанат деген келіншек екінші қайтара селолық округқа әкім болды. Үлкен-кішінің тілін де, істің көзін де тауып, тірлігін дөңгелетіп әкетті. Ауыл риза. Ақжанатты білетіндер әке-шешесінен гөрі кіндік шешесі Құлшанға тартыпты дейді. Құлшан- жас кезінде бригадир, төрайым болған, ел билеп, атқа мінген, тоқсанға келіп көз жұмған ана. Көнекөздердің айтуынша Құлшан апамыз өткен ғасырдың соғыстан кейінгі қиын жылдарында ауыл- үйде, дала - түзде талай келіншекті қолдан босандырыпты. Құрсақтағы шарана көлденең түскенде қойдың таза ұлтабарын қолына киіп жіберіп, нәрестені оңтайына түзетіп, босатып алатын болған. Содан ел ішінде «Аққолды Құлшан» деген аты қалған. Ауылдың небір атан жілік, атпал азаматтары, ардақты ана, аяулы жарлар баласына, баланың баласына «Құлшан апаның баласымыз» деп мақтан етіп айтады екен. Бір қызығы - Ақжанаттың да мамандығы дәрігер-гинеколог. Мұның да оқыс жағдайда ешбір саспастан босандырып алған сәттері бар екен.


Шындығында күні кешеге дейін қалың қазақы ауылда туған баланың кіндігін ырымдап жақсы-жайсаңдарға таңдап кестіретін.. Тіпті алдын-ала қалаған кісіге кіндік шеше боласың деп ескертіп қоятын болған.


Дәрігерлер жарық дүниеге шыр етіп келген бала тәнін қолымен ұстап, кіндігін кескенде   сол адамның бойындағы биоөріс пен қасиеттерінің бір парасы нәрестеге даритынын жоққа шығармайды. Сондықтан қазақта бала кіндік шешесіне тартады дейтін ұғым бар. Қазақтың біртуар оғыландары Бауыржан Момышұлы, Қаныш Сәтбаев, Мұқтар Әуезовтердің бойында бар қасиеттерінің бір парасы кіндік шешелерінікі дегенді естелік-әңгімелерден оқыдық.


Қазір енді заман басқа. Қалың қазақ арасында болса болар, бірақ қалада бұл қалған. Қазір перзентханада баланың кіндігін кім болса сол кеседі. Баласының кіндігін кескен бейтаныс кісіге сый-сияпат жасалып та жүр.


Бірақ сол ата-ана баласын     айналып-толғанып өсіре келе, баласының «өзгеше» өздеріне тартпаған «бөтен» мінездерін көріп аң-таң, кейде жаман болса бір-бірінің арғы тегіне жауып, керілдесіп қалатындарды да көріп қалдық..


Басқа тәрбие жетісіп, енді қалғаны осы ма еді. Ұсақ-түйекті де      сөз ететін болдыңыз ба дерсіз.                                 Биыл осы немеремізді шығарып алайық деп перзентханаға барғанымызда, мынадай жайды көзімнің қиғы шалды. Бір жас әке қасындағы достарына айфонынан перзентханадағы әйелінің толғағына қасында болып, бәрін бейнекамераға түсіріп алыпты. Соны дос-жарандарына көрсетіп, қарқ-қарық күліп, мәз-мәйрам.


Ал енді кіндік шеше деген сол тұрғанда көбіміздің ойымызға кіріп те шықпады-ау..


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу