27.11.2022
  49


Автор: Қазақ ырымдары

Қазақ жорыққа аттанған кезде «аттан түс», «атты байла» деген сөздерді тіке айтпайды. Жамандыққа бастамасын деп, сол мағынаны білдіретін, қон, бекіт, кір деген сияқты сөздерді қолданады. Жорыққа аттанғанда өлең айтпайды, жыламайды. Саптыаяқты жолдыаяқ деп, мінгені байтал болса—ат деп атайды. Жорыққа байтал мініп барса, жол болмайды деп есептейді. Байтал— жорық көлігі емес, құлындайтын, сауылатын мал. Үйге тамақ шайнаған қалыппен кіруге болмайды. Ал тамақ шайнап шығу—жақсылықтың нышаны. Қазақ «Дұшпанның үйіне жеп кір, достың үйінен жеп шық» дейді. Біреудің тамақ шайнап кіріп келе жатқанын байқаса, үй иесі оның аузындағысын босағаға төктіреді. «Қан түкір» деп, жамандыққа балап назаланады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу