Өлеңдер ✍️

  12.11.2022
  762


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Есінді жый, бауырым!

Бүгін сені байқасам,
Болып, толып жетіпсің.
Кешегі сен, сен емес,
Тоғышар боп кетіпсің.
Тасымайтын барына,
Қиналмайтын жоғына,
Пәк көңілді жан едің.
Бүгін саған қарасам,
Байлығыңды санасам,
Мал да, жинап алыпсың,
Мүлкің де көп орасан.
Сонда да сен бұл күнде,
Жоқтан өзге айтпайтын,
Жылауық боп кетіпсің.
Есіңді жый бауырым,
Үйің толған дүние,
Сервант толған хрусталь,
Қалай жыйдың барлығын.
Қалай болдың зымыстан
Сенен сірә туысың,
Кеткен шығар алыстап.
Мұнша мына мүлікті,
Кіммен алдың жуысып,
Мына сансыз кілемдер,
Қандай жолмен кірді үйге,
Ақшасы оның адал ма?
Қолыңдағы жүзік ше,
Құлақтағы сырғаң ше.
Түрлі-түрлі киім ше,
Ақшасы оның адал ма?
Жауап берші осыған,
Бауырым-ау тасыған.
Дүниені жыйнаған,
Әлде сенің еріңбе?
Мол ақшаны мүншама,
Қайдан алдың дедің бе.
Айналайын ақжаулық,
Дүниені жыйнауға.


Қатысың бар сенің де,
Кім боп кеттім өзім деп.
Ойлайсың ба тегін де,
Есіңді жый бауырым.
Түбі шикі арамның.
Жыйған мүлкі түбінде,
Игілікке жарамас.
Алыстаған туысың,
Енді саған жоламас.
Сездің бе сен осыны,
Олжа кіріп батпаңдап,
Жетіп артып жатқанда.
Келді ме үйге жақының,
Жылы қабақ көрсетіп,
Қарсы алдың ба сен оны,
Есіңе бір түсіріп,
Есіңді жый бауырым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу