Өлеңдер ✍️

  08.11.2022
  107


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Он қазық

Өзімді он қазыққа байлап алып,
Отырмын от басында ойға қалып.
Босанып он қазықтан шығар болсам,
Әннен сел ағызарым айдан анық.
Шырмалып он қазықтан шыға алмадым,
Тықыршып бір орында тұра алмадым.
Отырмын жүрегімді онға бөліп,
Байланып он қазыққа мың арманым.
Қазықты қаға тустім тереңдетіп,
Арманды алмаған соң өрем жетіп.
Байланған он қазығым берік болса,
Өтермін енді өмірден өлеңдетіп.
Демеймін ар алдында жазықтымын,
Байлансам он қазыққа нәзіктігім.
Мың жерден мықты болсаң құтылмассың,
Тағдырың қағып қойса қазық қылып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу