Өлеңдер ✍️

  20.10.2022
  489


Автор: Ержанов Алмат

БІЗ – ЖАУЫНГЕР

БІЗ – ЖАУЫНГЕР


 


Біз – жауынгер, ел қорғаны сүйікті,
Бағындырар түрлі асу, биікті.
Ата жауға тізе бүкпес бабамыз,
Ел алдында әзиз басын иіпті.


 


Біз - жауынгер, азат елдің сарбазы,
Батырлық пен қайсарлықтың арнасы.
Әрбір үйдің еркелеген ұлымыз,
Ұлы Отанның арқа тұтар ардасы.


 


Панасымыз біз халықтың сүйенер,
Байтақ жерге қорғаушы һәм иегер.
От пен судан тайынбаймыз, барамыз,
Ажалға да жұмсаса егер киелі ел.


 


Біз – жауынгер, біз – жауынгер, біз бе біз...
Баба салған ұзын сонар іздеміз.
Дұшпаннан да қаймықпаймыз, қайсармыз,
Қағып түсер жолыққанда жүзбе-жүз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу