Өлеңдер ✍️

  13.10.2022
  180


Автор: Нұрмұхаммед Әбілқасымов

Берік досыма

33-ті сен бүгін алқымдадың,
Кем-кетікке көмектен тартынбадың.
Шумақтан да таусылып сарқылмадың,


Бүгін міне орда бұзып, жарқылдадың.


Досың сенің жаралы жолбарыстай,


Қатты қажет етеді қолқабысты-ай.
Жалғызсырап отырмын, сен соқпадың,


Достарым, мен жетемін мол табысқа-ай.


Дұшпанымды дос санасам наз толады,
Көңіліме үйрек ұшып, қаз қонады.
Жалғанда жайнап тұрған жаз солады,


Адал достық өмірде аз болады.
Өзіңменен бір туған егіздеймін,


Құрғап жатқан Аралдай теңіздеймін.
Несібемді жаманға жегізбеймін,


Адал сүтті арамға емізбеймін.


Қуаныш көпшілікке ортақ болар,


Сырласарда, досым-ау, сені іздеймін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу