Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  125


Автор: Түрік поэзиясы

БОСТАНДЫҚ

Ескен желмен бірге есу,
Тартқан күймен тербелу,
Буырқанған теңіздің
Асау толқындарымен
Алысу – бостандық.
Қашпай, қуаламай,
Уайым жеп қиналмай,
Шегі жоқ көк аспанда
Ақ мойын тырнадай
Қанат қағу – бостандық.
Алаңда үндеу айту,
Назым жолдарын күбірлеу,
Бəлкім əділетсіздікке қарсы
Бар даусыңмен
Айқайлау – бостандық.
Ұзан мақамының əуені,
Егіндік басындағы
Диқан салған əн,
Бəлкім жайлаудағы шопан
Тартқан сыбызғы үні – бостандық.
Адамзат ары үшін соғысу,
Бауырмен сағынысып табысу,
Бəлкім ажалды да сезіну,
Құлдықпен тірлік кешкенше
Жігітше қара жер құшу – бостандық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу