Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  130


Автор: Түрік поэзиясы

ӨТІРІК АЙТА АЛМАН

Хақты сүйеді екем деп,
Ажалды жақсы көрем дей алман.
Ажал хақ болғанмен,
Жан да тəтті, қоштасу қиын,
Ешкімге жалған айта алман.
Жаңбыр рақым, дегенмен
Рақымнан қашпаймын деп,
Біреуді, өзімді алдай алман.
Жаңбырдың астына қолшатырсыз шығып,
Үсті-басым су-су болып жүре алман.
Шуды жақтырмаймын деп,
Өтірік айту жараспас.
Балалар шаршатар, бірақ та
өмірдің дəмі де, мəні де солар,
Жақтырмаймын деп жалған айта алман.
Тəңірі құдіретінде шек жоқ,
Əйтсе де кей нəрсе менде бар, онда жоқ.
Жаратқан Иеміз, бірақ та ұрпағы болмайды.
Ал мен үйленгем, əйелім, балам бар.
Алла – бір, теңі жоқ, басқа сөз айта алман.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу