Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  159


Автор: Түрік поэзиясы

ЖЕК КӨРЕМІН

Жек көремін
Қиылған қас,
Мойыл қара көзіңді,
Бойың, қолың,
Шиедей қызыл ерніңді
Сүйдіртпестен əлек еткен төзімді.
Жек көремін, жек көре беремін
Əрбір басқан ізің мен
Көзің түскен жандарды да,
Есіміңді ауызға алғандарды да,
Сен өткенде қасынан,
Көркіңе тамсана
Көз салғандарды да.
Міне, осылай кектенсем мен кектенем,
Тіпті саған ғашық болған мұңлықты да
Жек көрем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу