Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  116


Автор: Түрік поэзиясы

СЕНДІК БОЛСЫН

Күннен күнге қатуланып қабағың,
Кірпігіңді қанжар қылып қададың.
Көрмесең де бір сен үшін жанамын,
Тəнімді ал, сендік болсын ол дағы.
Ішім жалын зəрге толып қабарған,
Жас тоқтады сел боп аққан жанардан.
Шаршаттың ғой, кетті үзіліп сан арман,
Көрер күнім, сендік болсын ол дағы.
Халің осы, тəн түскенше табытқа,
Тілім дедім, атын айтып зарықпа.
Сен деп жүріп өртендім бе тамұққа?
Қалған өмір, сендік болсын ол дағы.
Ақымақ деп күле берсін ел мейлі,
Өзіңменен бірге əн салғым келмейді.
Қолда таяқ, екі көзім көрмейді,
Соқыр жанар, сендік болсын ол дағы.
Мазақ болу бұл өмірдің мəні ме?
Тəн де тозды, шырт түкірдім бəріне,
Шыдас берер шама да жоқ əріге.
Ысырап уақыт, сендік болсын ол дағы.
Сақал қудай, түк қалған жоқ шаштан да,
Сұрақ белгі секілдімін сасқанда.
Сен деп жүрсем, ажал құшақ ашқан ба?
Кебінді тəн, сендік болсын ол дағы.
Мейлі, маған бұрылып та қарама,
Ажал бір күн жармасады жағаңа,
Жаза кесер өзі Алла Тағала,
Мына алақан, сендік болсын ол дағы.
Көз көрмейді, құлағым да тас керең,
Хал сұрасар жағдай да жоқ басқамен.
Есеп бермей кетем деме əсте мен,
Күнə менен сауабым, сендік болсын ол дағы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу