Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  92


Автор: Түрік поэзиясы

БҮЛДІРГЕН

Өшірме,
Жазу ғой жай ғана.
Түн іші,
Өзің боп аңқиды айнала.
Бұл да рас,
Өртеніп өзегім,
Исіңді
Мен ғана сеземін...
Хал мүшкіл,
Өлгенмен бірдеймін.
Суыққа
Үсіген гүлдеймін.
Қай жаққа баруды,
Жəне де
Не істеу
Керегін білмеймін.
Өлең де
Бола алмас алданыш,
Онсыз да
Жан сыздап, жанған іш.
Жұбата алмайды мені ешкім,
Дауасыз дертіммен,
Қайтейін,
Дүниеге сия алар емеспін.
Қажет пе,
Қарып ал шоққа да,
Өлдім бе,
Жылама, жоқтама...
Айттың ғой
Бəрі де біткенін...
Алаңсыз кете бер,
Тоқтама...
Жалғызбын,
Баста ой сан қилы,
Түн қойны
Өзің боп аңқиды.
Əйтсе де,
Несіне алдаймын,
Мен сені
Сағына алмаймын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу