Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  80


Автор: Түрік поэзиясы

УƏЛИЖАН

О, Уəлижан...
Атың да «жан», айтылғандай кітап та,
Мына менің жаным кетсе жақсы еді,
Сен, жоқсың да, мен бармын ғой, бірақ та.
Біздің Уəли,
Жастық шаққа ермейді,
Мына жарық Күнді дағы көрмейді.
Жеті елді шарласаң да Уəли жоқ,
Басқа бізге өз «Уəлиін» бермейді.
Бұл хабарды... Естімесем, жөн еді-ау,
Жас қыршынды қалай қидым демеді-ау.
Бұл азаға – мен жыламай, кім жылар,
Көзім жасы қайта, қайта келеді-ау.
«Уəли» еді жəне «жаны» тағы бар,
Ол емес-ті бейшараға жалынар.
Зындандағы бір тамаша гүл еді-ау,
Шейіт бопты Ер Түріктей тағы нар.
Түсінбедім, сонда кімнің бағы бар.
Аллаға анық, сирек туар ұл еді
Аналардай, нəзік еді жүрегі.
Мəрттігіне бүкіл əлем куə еді,
Оны бізде барлық адам біледі.
Қабыл болсын, Жаратқанның тілегі!
Ол қорықпады, шегінбеді жауынан,
Асау тұлпар сыйпатпайтын жалынан.
Жатқа – қатал, жақсыларға – Жүніс-ті,
Егілемін жас ажалдың зарынан.
Кім тайдырды біздің ұлтты бағынан?
Ет жүрегім езіліп, өртенеді,
Жас бозбала кіміне еркеледі?
Əріп ақын күйзеліп, күңіренеді,
Уəли жас қой, ажалға ерте ме еді?
Қайран боздақ, жас еді, көркем еді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу