Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  97


Автор: Түрік поэзиясы

АНАДОЛЫ

Анадолы – туған жерім, мекенім,
Білмей өстім қарын тоқтық не екенін...
Шүкір айтып, асқа бата бергенде,
Жейтініміз ботқа-тын сол шерменде.
Науқас бауыр жатқанда өлім халінде,
Берер оған болмады ғой дəрім де.
Оқытып ем, кетті бала қарамай,
Бағбан боп ем, болды бағым даладай.
Билік десең, салық еске түседі,
Салмағынан ми шытынап, іседі.
Арнам бар-ды, кепті оның да аңқасы,
Жол бөгейді жердің шың-құз, жартасы.
Сонда да əсте тоқтатпадым күресті,
Қарсы алдымнан жел еспеді, мұң есті.
Белдестім бе, жауға Айымды сыйлаттым,
Иілмесе қабырғасын қираттым.
Ауылға жол, мектеп керек. Қалада
Бірақ жағдай мəз деп айтып бола ма...
Анадолы – туған жерім, шерлімін,
Шертіп əсте тауыса алмаспын ел мұңын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу