Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  85


Автор: Түрік поэзиясы

Өсиет

Жерле мені Датышқа,
Анкара мен Стамбұлды ұмытқын.
Əркез таза болғаны жөн құлықтың.
Ол жақтарда жер жоқ дейді
жерлеуге,
Зинджырлықта, мысалы
700 һəм 50 миллион керек болад деседі
Жоқтаушылар зират қазып терлеуге.
Ал мұнда ше,
арзан əрі қолайлы,
жер болып тұр
еш қаупі жоқ орайлы.
Мына мені жерле деймін Датышқа.
Теңізге көз салып жатар моланы,
Қазынасы бірге қоса жерленген
Айтулы бір бай екен деп қонағы
Əлдекімдер қазар болса бір заман,
Еш кедергі жасамаймын, бұл анық,
Ең болмаса көрімде жатсам деймін қуанып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу