Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  95


Автор: Октай РИФАТ

КЕРУЕН

Кім-кімде де екі көз бар,
Мұрын бар.
Жəне бас бар
Бұрар жаққа бұрылар.
Өтірік пе? Ақиқат па?
Қалаңыз.
Шүкір! Шүкір!
Ажырата аламыз!
Керуен жолда,
Аян елге жайымыз.
Біздер – жаяу,
Ат үстінде – байымыз.
Қанша жылда
Көре алмадық бір сыйды,
Арып-аштық,
Қабырғамыз ырсиды.
Əрі байтақ,
Əрі жомарт ырысты
Асты – кеніш,
Ағыл-тегіл нұр үсті.
Саулықтары
Көктем сайын егіздер,
Семіздері жүре алмайды,
Өгіздей.
Еңбек үшін туған біздің
Жұртымыз.
Сөйте тұра
Майланбайды мұртымыз.
Жейді жəне
Қыздары мен жігіті
Қатқан нанды суға салып,
Жібітіп!
Болмай-ақ тұр
Еліміздің күткені.
Алақанға –
Сүйек қана біткені.
Өрге баспай,
Оңға баспай ісіміз,
Сондықтан да
Өртенеді ішіміз.
«Бұл өмірден
Өлім артық кұбылыс!»
Деп қолтықтан түрткіледі
Ібіліс.
Əй, əзəзіл,
Салма бізді көп мұңға.
Қайткенде де
«Осы өмірден жоқ қымбат!»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу