Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  79


Автор: Түрікмен поэзиясы

КӨРДІМ...

Мен оны бұлаққа барғанда көрдім,
Еңкейіп, салқын су алғанда көрдім.
Су толы шелегін көтеріп еппен,
Нəзік бел майыса қалғанда көрдім.
Қабаққа өрмелеп, мен жаққа кенет
Назды көз қиығын салғанда көрдім.
Жарқ етіп жұлдызы, жалт берді тағы,
Ынтызар жүрегім талғанда көрдім.
Шылымның аузыма тұтанған басын
Салғаным байқап қап, күлгенде көрдім.
Қыз шешен қобызын тартқанда елтіп,
Терезе түбінде түндерде көрдім...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу