Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  90


Автор: Түрікмен поэзиясы

Көктем

Көктем келді! Тағы да көктем келді!
Жауып тастап барқыттай көкпен жерді,
Тыныштықты тамшылар тағы оятты,
Күн кезінде жапырақ жалын атты.
Су сылдырап жылғаға толмасын ба?!
Көктем шығып барады дөң басына.
Көктем, көктем – қысысқан қолыңда да,
Алғаш үзген гүліңнің шоғында да!
Көктем көркі сəбидің гүл өңінде,
Бейғам-қамсыз баланың күлгенінде,
Қоңырау ол ұлыңның мойнындағы,
Ол несібе селдеткен жаңбыр нəрі.
Келді көктем! Тағы да келді көктем,
Құшағына даланың енді көктем.
Трактор боп аттанды қырға көктем...
Сондай болса-ау, мен жазған жырда көктем!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу