Өлеңдер ✍️

  05.10.2022
  113


Автор: Түрікмен поэзиясы

ЕЛ КӨЗДЕР

Отанынан айырылған
Аһ ұрар да ел көздер.
Қосағынан айырылған
Ашынар да жол көздер.
Жерде болса сергелдең
Көктен пəле келген дер.
Бұны кімнен көрген жөн –
Көзін ашқан мал көздер.
Біреу десе басым таз,
Біреу киер алтын тəж,
Мекендері салқын саз
Енді біреу сəн көздер.
Біреу жеуге нан таппас,
Біреу қояр жер таппас.
Біреу киер тон таппас,
Біреу жібек тал көздер.
Бұл жалғанның үсті құр,
Кім əлсіз, кім күшті дүр.
Əр пендені қысты бұл,
Əркім оңды хал көздер.
Мезгіл ұзын, өмір аз,
Жылдың басы болды жаз,
Қанат қаққан қоңыр қаз
Қонатұғын көл көздер.
Мақтымқұлы, есіңе ал,
Қайғы, мұңды қосып ал.
Кімнің қандай досы бар,
Босаға емес,
Төр көздер




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу