Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  333


Автор: Нұржан Наушабаев

БЕС АРМАН

Қаракөк жылқы ішінде құлын болсам,
Ішінде омыртқаның жұлын болсам,
Алыстан ат терлетіп келгенімде,
Алдына алып сүйер ұлың болсам.
Қаракөк жылқы ішінде тайың болсам,
Талменен араласқан қайың болсам.
Алыстан ат терлетіп келгенімде,
Жаныңда жататұғын жарың болсам.
Қаракөк жылқы ішінде құнан болсам,
Қараңғы, кісі адасар тұман болсам,
Алыстан ат терлетіп келгенімде,
Төс қағып көрісетін құдаң болсам.
Қаракөк жылқы ішінде дөнен болсам,
Жаз жайлап, күз жіберген көбең болсам.
Алыстан ат терлетіп келгенімде,
Құшақтап сүйетұғын бөлең болсам.
Қаракөк жылқы ішінде бесті болсам,
Құрбымнан өзім теңдес есті болсам.
Алыстан ат терлетіп келгенімде,
Алдыңа алып тігер кестең болсам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу