Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  118


Автор: Ертай Ашықбаев

ТАМЫЗ

Мен — Тамызбын,
Пісті егін,
Қайтіп тасып толмайын.
Тәтті шырын — ішкенің,
Қауын-қарбыз — ол дайын.
Жүрем сөйтіп тасынып,
Өзге сырым бар тағы:
Аптап енді басылып,
Су да салқын тартады.
Тұрғаным жоқ көлгірсіп,
Біз байлыққа жол аштық.
Бір СЫЙЛЫҒЫМ — мөлдір шық,
Бір СЫЙЛЫҒЫМ — мол астық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу