Бөлім: «Нақыл сөздер»
Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Сыбайлас жемқорлық асыл елдің дамуына кедергі келтіретін, ең қауіпті дерттің бірі!
© Абдраманов Арсланбек
Өзіңе болашақта дым пайда әкелмек емес адамға уақыт құртпа, шашылма, ақтарылма!
© Абдраманов Арсланбек
Бұл сенің өмірің, саған берілген тағдыр, нығмет. Оны тек өзің ғана көркейтіп, өзің ғана құрдымға кетіре аласың!
© Абдраманов Арсланбек
Жүрегі тыныш болған адамға өз жан жараңды ашып қажет емес, тыныштықта болған жүректерге тиіспе, оны өзің ғана емдей аласың!
© Абдраманов Арсланбек
Өзіңнен басқа ешкімге сенбе, өзің жаса, қателессең өзіңнен екеніңді біліп тәжірибе аласың...
© Абдраманов Арсланбек
Оны ертеңге қалдырып, ертеңгісін арғы күнге қалдырып тағысын тағы солай жалғаса береді де, ол іс жайына қалады!
© Абдраманов Арсланбек
Сағат тілі тықылдап жаймен көрімізді сағатың ұзын тілімен қазып жатыр!
© Абдраманов Арсланбек
Бәріміз бұл араның ұясындай, құмырсқаның илеуіндей жүйесінде өмірімізбен қоштасамыз және жасаған істерімізбен сыналамыз!
© Абдраманов Арсланбек
Сұлу адам қанша әдемі болса да артыңнан әдемі ұрпақ қалмаса ол да күнә!
© Абдраманов Арсланбек