Алма туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 7
Жұмбақтар: 20
Тақпақтар: 14
Өлеңдер: 40
Жаңылтпаштар: 8
Нақыл сөздер: 2
Әңгімелер: 6
Ертегілер: 2

Алма
Жазда ауылға келіп,Бау-бақшадан теріп,Алма жесең, боларТісің түгел, берік.Сен өзіңе-өзің,Сыйла қуат, төзім.Алма жесең, өткірБолады екі көзің.
©  Қастек Баянбай
БАЛАЛАР МЕН АЛМАЛАР
Күл, күлме, сен мұныма,Есептегiм келедi,Бiр ағаштаЖылынаҚанша алма өнедi?Бiлетiндер деседi:Ойда жоқты табасыңАйту қиын есебiн,Кiм жалықпай..
©  Ескен Елубаев
АЛМА БАҚ
Ерте көктемдеЕрлеген – бiз.Алма ағаш егiп,Терлегенбiз.Суарып,Баптап,Бағайық деп,Шырын алмасынҚағайық деп,Жеген адамныңҚаны толсын деп,Туған..
©  Ескен Елубаев
АПОРТ
Апорт дейтiн алма бар,Жер жаратын атағы.Ондай алма қайда бар,Алматы – оның Отаны.Əр ағаштың түбiндеЖатыр алма қамбасы.Баптап күтсең күнiне,Берер..
©  Ескен Елубаев
Қарт пен көршісі
Отырғызып жүр едіАлма ағашын шал кici.Алқынса да жүрегі,Келмеді дем алғысы.Kөpшici ерін шүйіpiп,Деді:– Аяймын ceнi шын,Тап өзіңе бұйырып,Жер ме..
©  Абдрахман Асылбек
АЛМА НЕТКЕН ТƏТТІ ЕДІ?
Екі жылдық бақша өзі,Алма бағы жақсы еді.Татып көрсең алмасын,Тіл үйірген тəтті еді.Бақша неге жақсы еді,Алма неге тəтті еді?Алма бақтыңөйткені,Менің..
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Ұнатам күзді мен
Қарашы далаға,Реңі сары ала.Пісті алма албырап,Сарғайды бал құрақАспанда қаптағанБұлт тыным таппағанЖөңкіліп көшеді,Суық жел еседі.Алқаптан..
©  Жеңіс Қашқынов
Түсіндім
– Ауыртады ішіңді,Зырқыратар тісіңді.Алма шикі, көк әлі, –деген ағам Бегәлі.Мән бермеген сөзінеОбал да жоқ өзіме?Түйнегені-ай ішімніңЕнді жемен..
©  Қуандық Шолақов
Бағымыз
Жаз келіпті дегенше,Алма пісті дегейсің.Бағымызда ендешеАлма теру көбейсін.  
Алма
Мен-алмамын, алмамынТаңдай татар бал дәмімМына тәтті бал-дәмдіДастарқандарыңа арнадым.
Алма туралы санамақ
Алма кеттi домалап,Коше бойын жағалап,Кiм алманы табады,Сол ойыннан шығады.
Ойыншықтар
Ойыншықтарды шашпаймын,Түймемді өзім қадаймын.Жуып жеймін үнемі,Алма, алмұрт, шиені.Суды жақсы көремін,Қашанда таза жүремін.
Есеп
— Бес алманың үшеуінДосың сұрап алады.Айтшы, сонда нешеуіӨз қолыңда қалады?—Тез шығара алмадымМен бұл есеп-мысалды.— Сол досым сол..
©  Қадыр Мырза Әли
Алма
Бақта тұр албырап,Қызыл алма салбырап.Әсет ұзап кетпей тұр,Әттең, бойы жетпей тұр.
©  Тұрысбек Еділбаев