Домбыра күні құтты болсын туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 15
Өлеңдер: 4
Құттықтау, тілектер: 10

Домбыраның күнімен
Құттықтаймын қазағым, Домбыраның күнімен. Жасай берші, домбырам, Баурап алар үніңмен!
©  Ұлттық домбыра күні
Жадырайды жанымыз
Домбыраның үнінен, Жадырайды жанымыз. Өзің барда домбырам, Жайнайды гүл бағымыз.
©  Ұлттық домбыра күні
Домбыраның күнінде
Домбыраның күнінде, Әуезді әнге салайық. Мерекені тойлатып, Жұлдыздайын жанайық!
©  Ұлттық домбыра күні
Өзің барда домбырам
Өзің барда домбырам, Мен бақытты боламын. Әуеніңді тыңдасам, Толған айдай толамын.
©  Ұлттық домбыра күні
Домбырам сен ғажабым
Домбырам сен ғажабым, Тарқамайтын базарым. Қазақтықтың бейнесі, Жарқыраған ажарым!
©  Ұлттық домбыра күні
Домбырамның барында
Қазақ болып қаламын, Домбырамның барында. Сені әркез тыңдасам, Жігерленем тағы да..
©  Ұлттық домбыра күні
Домбыра сен бағымыз
Домбыра сен бағымыз, Ән-күй болып тербелер. Рухтандырып халықты, Қазағыма дем берер.
©  Ұлттық домбыра күні
Қос ішекті домбырам
Қос ішекті домбырам, Жанымызға рух берер. Домбыраның үнімен, Бар айнала тербелер.
©  Ұлттық домбыра күні
Домбырасыз күй қайда
Домбырасыз күй қайда, Домбырасыз сый қайда. Нағыз қазақ домбыра, Шығаратын күйді айға...
©  Ұлттық домбыра күні
Жасай берші, домбырам
Жасай берші, домбырам, Салтымызды жанғыртып. Көк аспанда туымдай, Күйлеріңді қалғытып.
©  Ұлттық домбыра күні
Нағыз қазақ — домбыра
Нағыз қазақ — домбыра, Салтымызды жалғайтын. Күймііз бар көгімде, Қанат байлап самғайтын.
©  Ұлттық домбыра күні
Сенімен бір жанымыз
Сенімен бір жанымыз, Шуақты атар таңымыз. Қос ішекті домбырам, Бір өзіңсің сәніміз.
©  Ұлттық домбыра күні
Жанымыз сен домбыра
Жанымыз сен — домбыра, Барымыз сен — домбыра. Шырқап айтар жүрекпен, Әніміз сен — домбыра.
©  Ұлттық домбыра күні
Домбырасыз күн бекер
Домбырасыз күн бекер, Домбыра елді гүлді етер. Үйренейік домбыра, Жүрмейікші құр бекер.
©  Ұлттық домбыра күні
Домбыраның үнімен
Байлығымыз — домбыра, Ай күніміз — домбыра. Құлақтан кіріп бойды алар, Жайлы үніміз — домбыра!
©  Ұлттық домбыра күні