Бөлім: «Тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Кімнен көрем?
«Пышақпенен ойнама,Ақылға кел, қой, бала», –Десе де әжем, қоймадым,Пышақпенен ойнадым.Пышақ етіп кілтті,Ашамын деп құлыпты,Кесіп алдым қолымды,Кімнен..
©  Абдрахман Асылбек
Гүл
Асан мен Үсен гүл ектіАлқызыл, сары, көкпеңбек.Түрініп жеңді, білекті,Ерінбей ұзақ етті еңбек.Тіккендей гүлді кестеге,Асан мен Үсен жатпады.Таңертең..
©  Абдрахман Асылбек
Болаттың әдеті
Ауылға келсе атты адам,Тұп-тура соған беттейді.Сол үшін ұзап қақпадан,Сол үшін Болат кетпейді.Тұрмайды, сірә, кімге ұнап«Қонақжай» ісі..
©  Абдрахман Асылбек
Ініме
Болатшы бол, темірдіҚоғасындай балқытқан.Қуанышты көңілдіШабытпенен шалқытқан.Көп болса егер еліңдеКомбайн мен трактор.Көмкеріліп егінге,Құлпырады..
©  Абдрахман Асылбек
Лақ
Мойнын иіп төменге,Селтеңдетіп құлағын,Қарғып кетті өзенгеАхметтің лағы.Десе керек Ахмет,Сол бетімен құлады.Көзіне тез жасы кеп,Отыра ғап..
©  Абдрахман Асылбек
Мысық
Бір күні БақбердіАлды да дәптерді,Суретін тышқанныңАйнытпай сап көрді.Дегендей жатпа енді,Ойнаңдар бақта енді,Көрсін деп тышқанды,Мысығын ап..
©  Абдрахман Асылбек
Шана
Тысқа шығып Дүрімбек,Қайта кірді күлімдеп:«Қар жауып тұр, алақай!Сырғанаймыз бүгін», – деп.Алды шеге, ағашын,Балғасы мен арасын.Өнерін сап..
©  Абдрахман Асылбек
Жапырақтар
Жапырақтар көктемдеБейне бір шат балақан.Қарап өткен-кеткенге,Шапаттайды алақан.Самал сүйсе маңдайын,Жапырақтар таласа,Тақылдатар таңдайын,Тәтті..
©  Абдрахман Асылбек
Күнбағар
Таңертең де, түсте деКүнге бетін бұрады.Тостағанын кішкенеТосады да тұрады.Күн еңкейсе, қайтаданОл да солай аунайды.Күнді зерттеп байқағанҒалымнан..
©  Абдрахман Асылбек
Әдептілік әліппесі
1Атам менің әмандаӘдепті жан бол деген.Асыл сөзі санамда –Жасы үлкенге жол берем.Алдын орап кісінің,Кесіп өтпей көлденең,Ізетімен кішініңСәлемдесіп..
©  Абдрахман Асылбек
ӨНЕР
Табысың да, жеңісің,Хақтан, хақта Хақты Аллаһ!Себебі өнер мен үшін,Зікір ету Хақты Аллаһ!
©  Құл-Керім Елемес
Қатық
Сүзіндісін айранныңАтаймыз біз қатық деп.«Қатық сенің пайдаң мың»,Деп, жалаймыз жатып кеп.
©  Құл-Керім Елемес
Күріш
Дақыл өзі суда өсер,Биік емес бойы аса.Піскенде де буда өсер,Май палауға ал, той, аса.
©  Құл-Керім Елемес
Жүгері
Өсер дақыл биіктеп,Құрақпенен жарысып.Көкбасын да сүйіп бек,Жейді адамдар таласып.
©  Құл-Керім Елемес
Бидай
Үш-ақ айда піседі,Қамбаларға толады.Тез алмаса түседі,Тартса ұны нан болады.
©  Құл-Керім Елемес
Тұз
Мұзға түсі ұқсайды,Удай ащы дәмі бар.Тұзсыз тамақ піспейді,Астың тұзбен жаны бар.
©  Құл-Керім Елемес
Су
Өзіне тән түсі жоқ,Қолға ұстауға келмейді.Онсыз өмір күші жоқ,Еш зат онсыз өнбейді.
©  Құл-Керім Елемес
Ет
Алған тұздап, кептіріп,Ет «сүрі» деп аталар.Етті сүрі жеп тұрып,Бала үлкеннен бата алар.
©  Құл-Керім Елемес
ТОН
«Т»-дан бастап оқысаң,Киетұғын тон болам.«О»-дан бастап оқысаң,Сан түріндегі он болам.Кисең-дағы тон жаман,Алдан көрін он қадам. 
©  Құл-Керім Елемес
ШАҚ
«Ш»-дан бастап оқысаң,Дәп-дәлдегі шақ болам.«А»-дан бастап оқысаң,Түстің түрі ақ болам.Дәл шақтап ки киімді,Ақтап ұста үйіңді.
©  Құл-Керім Елемес
БІЛІМ
«Б»-дан бастап оқысаң,Білім болам алатын.«І»-ден бастап оқысаң,Артқа іліммін қалатын.Жақсы білім алғаның,Артқа ілім боп қалғаның.
©  Құл-Керім Елемес
ТЕҢ
«Т»-дан бастап оқысаң,Атқа теңдер тең болам.«Е»-ден бастап оқысаң,Кереметтегі ең болам.Ел теңдігі һәм тағы,Теңдік белгі мен болам.Келсе мықты ең..
©  Құл-Керім Елемес
АБАЙ
«А»-дан бастап оқысаң,Абай атаң атымын.«Б»-дан бастап оқысаң,Бай болам, бар асылым.Абайлатам тағы даТалай істі жасырын.Ұқсау үшін Абайға,Алды-артыңды..
©  Құл-Керім Елемес
БАҚША
«Б»-дан бастап оқысаң,Жұрт серуендер бақшамын.«А»-дан бастап оқысаң,Ел ырысы – ақшамын.Алып билет ақшаға,Кірген жақсы бақшаға.
©  Құл-Керім Елемес
САБАҚ
«С»-дан бастап оқысаң,Оқитұғын сабақпын.«Б»-дан бастап оқысаң,Ру аты Абақпын.Қасқыр аулар үй, білгінЕскі мәні Абақтың.Білдің мәнін Абақтың,Жақсы оқы..
©  Құл-Керім Елемес