Бөлім: «Тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Сендей қалам барында
Сендей қалам барына, Қуанамын, Балқашым. Сен қымбатсың мен үшін, Топырағың, тау, тасың!
© Балқаш қаласы
Бір өзіңсің арай күн
Балқашым сен Балқашым, Бір өзіңсің арай күн. Қуат алып өзіңнен, Шуақ болып тараймын.
© Балқаш қаласы
Жарық күнің мен болам
Туған жерім Балқашым, Жарық күнің мен болам. Сенде жүріп, есейіп, Айың болып толғанам!
© Балқаш қаласы
Қазақтың кең даласы
Қазақтың кең даласы, Орталығы елімнің. Балқаштың бұл қаласы, Көлі бар Балқаш жерімнің.
© Балқаш қаласы
Әр күні арай Балқаштың
Әр күні арай Балқаштың, Күннен қуат алатын. Мен Баласы Балқаштың, Балқаштан бақ табатын.
© Балқаш қаласы
Балқашымда ғажайып
Балқашымда ғажайып, Балқаш көлім, даласы. Қалада осы туылған, Мен Балқаштың баласы.
© Балқаш қаласы
Жан сарайым өзіңсің
Жан сарайым өзіңсің, Жанға қуат беретін. Жасай берші, Балқашым, Күндей жылу себетін.
© Балқаш қаласы
Мен балаңмын еркелер
Мен балаңмын еркелер, Туған сенде Балқашым. Мен үшін сен қымбатсың, Топырағың, әр тасың!
© Балқаш қаласы
Сен гүлденсең гүлденем
Балқашым сен Балқашым, Сен гүлденсең, гүлденем. Сен қуанып, шаттансаң, Бір ғажайып күйге енем.
© Балқаш қаласы
Жақсы көрем Балқашты
Жақсы көрем Балқашты, Арайлы атар таңыммен. Балқаш көлім жүрегім, Сенде туған бағым ең!
© Балқаш қаласы
Жарқыраған сен қалам
Балқаш көлім, Балқашым, Жарқыраған сен қалам. Тудым сендей қалада, Тым ыстықсың сен маған.
© Балқаш қаласы
Балқашымды сүйемін
Туған қалам, жүрегім, Балқашымды сүйемін. Сен артықсың басқадан, Бар жақсыны үйемін!
© Балқаш қаласы
Жарқыраймын жұлдыздай
Балқаш қалам сен барда, Жарқыраймын жұлдыздай. Туған Балқаш қаламда, Мен балаңмын құндыздай!
© Балқаш қаласы
Балқашым бұл, қараңыз
Орталығы елімнің, Балқашым бұл, қараңыз. Балқаш көлім бар тағы, Әр күннен бақ табамыз!
© Балқаш қаласы
Балқашым деп
Балқашым деп, ән салам, Өлеңменен әлдилеп. Балқашым деп билеймін, Қуанышты күй тілеп!
© Балқаш қаласы
Балқаш көлім, қалам бар
Балқаш көлім, қалам бар, Туылған жер, мекенім. Сенде туып, сезіндім, Бақытым зор екенін!
© Балқаш қаласы
Балқаштың мен баласы
Орталығы елімнің, Қазақтың кең даласы. Балқаш көлі тербеген, Балқаштың мен баласы!
© Балқаш қаласы
Балқашқа сіз келсеңіз
Балқашқа сіз келсеңіз, Бөленесіз шаттыққа. Сезінесіз ғажапты, Жетелейтін бақытқа.
© Балқаш қаласы
Балқаш қаласы
Осы менің Балқашым, Қасында Балқаш көлі бар. Жақсы көрем қаламды, Арайлы атар таңы бар.
© Балқаш қаласы
Қарағандым сен жаса
Қарағандым сен жаса, Арайланған таңыңмен! Мен өзіңді сүйемін, Қолымдағы барыммен!
© Қарағанды қаласы
Қарағанды бағалым
Қарағанды бағалым, Сені алтынға баладым. Ыстық мекен, туған жер, Сені алтынға баладым.
© Қарағанды қаласы
Қазнамсың сен менің
Баға жетпес байлығым, Қазынамсың сен менің. Қарағанды сен барда, Төрт құбылам тең менің!
© Қарағанды қаласы
Шырқалатын ән болып
Қарағанды қаламсың, Шырқалатын ән болып. Көңілімде жүреді, Құлпыратын сән болып.
© Қарағанды қаласы
Қарағанды бағымсың
Қарағанды бағымсың, Мекені сен жанымның. Туған жерім, куәсі, Шырайлы атар таңымның.
© Қарағанды қаласы
Мен балаңмын ерекше
Мен балаңмын ерекше, Қарағанды гүл қалам. Орталығы облыстың, Сенсің әнім, жыр қалам.
© Қарағанды қаласы