Бөлім: «Жұмбақтар»
Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.

Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама - қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?Жауабы: 4 мысық
© Логикалық сұрақтар
Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?Жауабы: үш
© Логикалық сұрақтар
Тауға шығып, шаттанам,Жол сөмкем бар арқамда.Саяхатқа шыққанда,Не кием мен аяққа? (Жауабы: Кроссовка / етік)
© Туризм күні
Дөңгелегім дөңгелек,Жолмен жүйткіп жөнелем.Адам мінсе арқама,Жеткіземін әр қала. (Жауабы: Автобус / Көлік)
© Туризм күні