Апта туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 2
Жұмбақтар: 9
Тақпақтар: 8
Өлеңдер: 13
Әңгімелер: 2

Ие жеке атқа,Жетi күн бар аптада,Ретiмен айт, жатқа.(Дүйсенбi, сейсенбi, сəрсенбi, бейсенбi,жұма, сенбi, жексенбi)
©  Ескен Елубаев
Жеті бауыр туыспыз
Атымыз өзге демесең,
Жұмған жұдырық уыспыз.

Жауабы: Апта күндері
Төрт аққу, қырық сегіз қоңыр үйрек,
Жиналды ойын құмар қалмас сиреп.
Майданда белдескенде кезек-кезек,
Тастайды бірін-бірі ұн қып илеп.
Ойыны..
Бір адамға он екі егіз,
Бір егізде біреусіз сегіз.

Жауабы: Ай мен апта
Бір ұяда жеті жұмыртқа.

Жауабы: Апта
Үш жүз алпыс алты анасы,
Қырық сегіз болар баласы.
Он сегіз бөлек ұясы,
Ішінде екі ақ жұмыртқасы.

Жауабы: Жыл,бір жылдағы апта,күн,ай
Атасы мен анасы,
Үш жүз алпыс бес баласы,
Он екі ауыл шамасы,
Отыз ор дуадақ,
Бес балақ сан,
Елу екі қарашы.

Жауабы: Күн мен ай, үш жүз алпыс..
Ақырған айдаһардай арыстаным,
Айтысып тағы жұмбақ қалыспағын.
Екі өркеш, жеті башпай жұмбағым бар,
Осыны ойламай тап, данышпаным.

жауабы - Ай..
Ғажайып сылақтаған бір арғымақ,
Бірі алтын, бірі күміс екі құлақ,
Болғанда жеті әйелмен аямай-ақ.

жауабы - Күн, ай,отыз күн, апта