Бөлім: «Жұмбақтар»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Бірінің ізін бірі басады,
Біріне жеткізбей, бірі қашады.
Бір жыланды таяққа іліп алдым,
Ерге қона, пайдасын біліп алдым.
Қауын, қарбыз дей алмайсың,
Піскенмен, жей алмайсың.
Жарғаныңмен, қап-қатты,
Ал асқанда, тәп-тәтті.
Сары қозы, көк қозы,
Қарындары тоқ қозы.
Күздігүні көп қозы,
Қыстыгүні жоқ қозы.
Бір мақұлық жұмыста сорлайды,
Мисыз деп оны жұрт ойлайды.
Саумайды, соғымға соймайды,
Бірақ та мінуін қоймайды.
Отыз екі орағым бар ғажайып,
Әттен, кейін кетеді ғой азайып.
Бірі қысқа, бірі ұзын он бала,
Жұмысында тындыратын сол ғана.
Кішкене ғана тостаған,
Жер дүниені бастаған.
Түпсіз терең тұңғиық
Бүкіл әлем тұр сыйып.
Қос қабыршақ қабысып,
Қарбызға тұр жабысып.
Сәуле астында жүз ине.
Тақырда тайдың ізі.
Күмбір-күмбір қарағым,
Қартайғанша жарадың.
Асқар тауда қара орман.
Екі ағайынды,
Екеуі де бір үйде,
Бірін-бірі көрмейді.
Қала кетті домалап,
Обал-ақ.
Дала кетті домалап,
Обал-ақ.
Көл де кетті,
Шөл де кетті домалап,
Обал-ақ.
Тау да кетті
Бау да кетті..
Оқушыға мақтанды
Бір серігі аз ғана:
«Күнде кешем ақ қарды,
Қыс түгілі жазда да».
Тұрады ылғи сөреде,
Іші толы өнеге.
Өсірдім ұлпа қар,
Шешуін кім табар?
Өсірер тың дала,
Көшірер қамбаға.
Айналар ұнға да,
Айналар нанға да.
Ашулы қонақ бұл анық,
Тонын шешсе, жыладық.
Әкеміз ала баспақ асырады,
Күз келсе соямын деп асығады.
Баспағым бойын шөпке жасырады.
Еті қызыл, терісі жасыл әлі.
Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым.
Түндегі көп шырақты жағып кеткен
Кім келіп таң алдына алып кеткен?
Көктен түседі,
Жер ішеді.