Кітап туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 18
Жұмбақтар: 34
Тақпақтар: 18
Өлеңдер: 63
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 135
Туындылар: 12
Әңгімелер: 52
Ертегілер: 1
Поэмалар: 3
Шығармалар: 8
Анекдот, әзілдер: 4
Эсселер: 4

Онда көңіл де барОнда өмір де бар,Оқы, дем ал!(Кітап)
©  Серікбай Оспанов
5 жас маманға барлығы 1500 тг жалақы берілді. Олар ақшаны бөліп, әрқайсы өзіне 320 тг тұратын кітап сатып алғысы келеді. Біреуі сатып ала алмайтынын..
©  Логикалық сұрақтар
Сансыз  ойлар  бетімде,
Сайрап  жатыр  әр  тілде.
Керекпін  мен  әр  күнде,
Өшпейді  бір ..
Диірмен-диірмен тасы бар,
Алтын күрек қасы бар.
Оны тапқан адамның
Бір жүз жиырма бес жасы бар.
Құран
Үнсіз тілдесесің,
Өзімен күнде өсесің.

Жауабы: Кітап
Yнciз тілдесесің,
Өзімен күнде өсесің.

Жауабы: Кітап
Қабат-қабат, қабат-қабат ағаш үй.
Әйнектелген, лакталған тамаша үй.
Тұрады онда әр дәуірдің адамы,
Тұтпайды оны адамның тек наданы.

Жауабы:..
Бір сандық бар өзгеше,
Қолыңа алып жүресің.
Ішін ашып ақтарсаң
Өмір сырын білесің.

Жауабы: Кітап
Қойған жеріңде жатады,
Қолыңа алсаң өзіңе тіл қатады.

Жауабы: Кітап
Келгенше шамасы
Аямайды көмегін.
Бар адамзат баласы
Содан алар көмегін.

Жауабы: Кітап
Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолыңа алсаң шешен,
Ақылы асқан көсем.

Жауабы: Кітап
Қабат-қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін.
Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,
Ашылар мезгілінде баурын жазып.
Ішінде толып жатқан қазынасы бар,
Қорек қып пайданалар тамам халық.
Бір қобди дүние жүзін бағалаған,
Әсемдеп, талай адам қамалаған.
Қобдидың ашылмайтын кілті өзінде,
Ашылса табылар еді не қалаған.
Адамсыз кетеді,
Айтса тарих тұрады,
Тағдырда жазған.
Өзі саңырау,
һәм айтады,
һәм үйретеді.
Бір қойым бар қаны жоқ,
Қанатының жаны жоқ.
Адамменен сөйлесер,
Ақылы бар, жаны жоқ.
Көлемі шағын, көп қыры
Қолдан қолға өтеді,
Өмірдің талай мол сыны
Ішіне сиып кетеді.
Қойған жерінде жатады,
Қолыңа алсаң, өзіңе тіл қатады.
Жүзі бар сәнді сұлу ондап, мыңдап,
Сыры бар неше алуан тұрсаң тыңдап.
Жүрмейтін жері де жоқ әлемде оның
Қадірі мейлінше зор, ол неткен..
Ұзын-ұзын ұсқауын,
Ұзынына кім жетер?
Шұбар ала күйкентай,
Шұбарына кім жетер?
Сандығым бар өзгеше,
Қолыма алып жүремін.
Ішін ашып ақтарып,
Өмір сырын білемін.
Бір су бар Шыршық деген қалқып аққан,
Бетінде бетегесі шығып жатқан.
Қарайсың міне соған тамашалап,
Сол судың кете алмайды дәмін татқан.
Бір нәрсе білмегенді білгізеді,
Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді,
Жалғанда әңгімесі сондай қызық,
Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді.
Жаны жоқ болса да,
Ақылды адам ісін істейді.