Жаңбыр туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 9
Мақал-мәтелдер: 28
Жұмбақтар: 21
Тақпақтар: 16
Өлеңдер: 178
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 6
Әңгімелер: 11
Шығармалар: 2
Анекдот, әзілдер: 1

Түнерiп атам от сызып,Моншақтарды кеттi үзiп.Моншақ жерге төгiлдi,Қуандырды егiндi.(Найзағай, жаңбыр)
©  Сұлтан Қалиұлы
Бір жүк машинасының артында бір шелек тұр. Жаңбыр жауа бастады. Шелек, жүк машынасы тоқтап тұрған кезде тез тола ма, әлде жылдам кетіп бара жатқан..
©  Логикалық сұрақтар
тобеден тонеди
тамшысын тогеди
солкезде,ой,каулап,
байшешек онеди
жауабы жанбыр
Бұлт емес, жел емес, –
Бұлттан бір кем емес:
Төгіп өтсе нөсерді,
Егін жайнап өседі.

Жауабы: Жаңбырлатқыш
Көкте туып,
Жерде өледі.

Жауабы: Жаңбыр
Түнеріп келіп,
Гүл егіп кетеді.

Жауабы: Жаңбыр
Қазан толды кілкілдеп,
Қайнайды жәй бүлкілдеп.

Жауабы: Жаңбыр кезіндегі айдын
Қара таудай буралар,
Қара бұйра шудалар.
Бура жерге шөгеді,
Бұлау терін төгеді.

Жауабы: Бұлт пен жаңбыр
Жабағыны ұшырдым
Жерге моншақ түсірдім.

Жауабы: Жаңбыр
Тілі былдыр, үні сылдыр.

Жауабы: Жаңбыр
Тырс-тырс тамады,
Сайға қарай ағады.

Жауабы: Жаңбыр
Сыртылдайды шәйнегін
Ұнатпаса да жұрт мейлі
Терезенің әйнегін
Жуады бірақ сүртпейді.

Жауабы: Жаңбыр
Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,
Дабылдатып дабылын ол қағып тұр.
От жағып, дабыл қағып тұрғанында,
Сабалап төмен қарай су ағып..
Әуеде қызғыш, жерде бұзғыш.
Қызғыш айтады: “беремін” деп,
Бұзғыш айтады: “аламын” деп,
Берсе - барлық,
Бермесе - қаһарлық.

жауабы
Жаңбыр..
Ата-екем жерге пышағын шанышты.

жауабы
Жаңбыр
Көтеріліп теңізден
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде
Өңі кірер даланың.

жауабы
Жаңбыр
Аспандағы көлеңке,
Жерге суын себеді.

жауабы
Бұлт пен жаңбыр
Аспаннан домалап,
Көп моншақ төгiлдi.
Бусанып жон-алап,
Терледi, керiлдi.
Көктен түседі,
Жер ішеді.
Сырылдатады шәйнегін,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады,
Бірақ сүртпейді.
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Өрінен мен түскенде,
Өңі кірер даланың.