Бөлім: «Мақал-мәтелдер»
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).

Қатын туралы
Уақытсыз ерден бақытсыз ұрғашы артық.Атың жемпаз болса – берді Құдай,Қатының жемпаз болса – ұрды Құдай.Алты аға бірігіп әке болмас,Жеті жеңге бірігіп..
© Дихан Қамзабекұлы
Ер, Азамат туралы
Су тасыса жиегіне,Ер тасыса еліне.Ер азамат түзде – мырза, үйде – құл.Ердің ісі – тәуекел.Ердің малы елде,Еріккенде қолда.Ерегестен ер өлер.Тәуекел..
© Дихан Қамзабекұлы
Егіншілік туралы
Қашып кетсең шашып кет.Қыстық азығыңды жаз жина.Берген алар, еккен орар.Дауыл болмай жауын болмас.Жер тоймай ер тоймайды.Өзен жағалағанның өзегі..
© Дихан Қамзабекұлы
Аңшылық туралы
Таудағы түлкіні табындағы қазы алар.Арыстанға темір шынжыр ар емес.Қара құс басып жейді,Сұңқар шашып жейді.Арыстан айға шауып аяғын сындырған.Сақ..
© Дихан Қамзабекұлы
Мал туралы
Тоқты тоймас,Шөміш кеппес.Семіздікті қой-ақ көтерер.Сүтсіз қой маңырауық.Қошқар болар қозының маңдай жағы дөң келеді,Кісі болар жігіттің арқа басы..
© Дихан Қамзабекұлы
Еңбек туралы
Есің барда етегіңді жап,Қайратың барда мал тап.Ерді еңбек жеткізер.Жан қинамай жұмыс бітпес,Талап қылмай мұратқа жетпес.Тере берсе тезек те..
© Дихан Қамзабекұлы
Береке туралы
Оңалар істің басына,Жақсы келер қасына.Әділ бидің елін дау араламайды,Әділ патшаның елін жау араламайды.Бөрі қартайса да бір қойлық әлі..
© Дихан Қамзабекұлы