Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  374


Автор: Ақылбек Манабаев

Таң – суретші шығысты

Таң – суретші шығысты
Бояп еді алтындап.
Көлеңкелер ығысты,
Күн кірпігі жарқылдап.
Малынып күміс сәулеге,
Дала-теңіз шалқиды.
Бұлт-желкен,
Тау-кеме,
Көз ұшында қалқиды.
Бер жағы қалың тоғайдың –
Қой толы өзен жылғасы,
Жотады шопан ағайдың
Емендей алып тұлғасы.
Сұлулыққа елжіреп,
Жүзіне жалын лаулайды.
Жанарында мөлдіреп,
Қыр суреті аунайды.
Алдында басып гүл ие,
Еседі еппен самал да,
Бар маңай сырлы дүние
Айтады жырын адамға...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу