Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  104


Автор: Алмагүл Жұмажанқызы

Үңілдің бе өмірге?

Азаматқа ар өлшемі – ақ арман,
Түнді түріп таң тамаша ағарған.
«Жеті сайтан еріп кірер қылшықпен,
Қылшық жеуден, – дейтін апам – бол аман».
Қыл-қыбырды қиянаттан жұқтырған,
Неден жазды тұнық еді сап тұлғам.


Бұғауына болмыс куә бола ма?
Қандай пиғыл қайыс шалма лақтырған.
Кірлетті ме, кінәрәтсіз санамды,
Өшір сайтан өз жанымнан қараңды.
Қараңғы түн жасырғанмен мінімді,
Тергеу салар тіршіліктің таңы арлы.
Ақ пен қара ит жығысқа түскенде,
Құмай қулық өз ерінін тістеуде.
Көлеңкенің көмескі ойы күбірлеп,
Алмақ болды құшағына күс кеуде.
Бұның бәрі саған өтірік, маған шын,
Қарыс жерден қағытпалар тонаушың.
Не мақсатпен келдің, кеттің әуелі,
Жол азығын жолдан іздер жолаушым.
Түңілдің бе?
Үңілдің бе өмірге?
Бұл сапарға енді келмес боларсың




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу