Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.09.2022
418
Аралымыз
Аралымыз,
Таусылып амалымыз,
Жаулап алды самарқау сананы күз.
Суға кеттiк..,
Қармайтын тал табылмай,
Тулақ еттiк
Ту бие – Даланы бiз.
Керi кетiп аяғым алға басқан,
Күндi ойлаймын баяғы бал жаласқан...
Ерiншектiң ертерек есiн жиып,
Көрiнсе еттi көкжиек алдамастан?!
Қайда барып тоқтаймын?
Қайда лағып?
Тұнығымнан түңiлдiм,
Лайлап алып.
Тербетiлiп қиялдың бесiгiнде,
Жерден жерiп, желiктiк Айға барып.
Қиял жақсы-ау тербетер бесiк барда,
Көңiлiмдi қайтейiн көшiп-қонба?..
«Адасқанның алды жөн, арты соқпақ»
Абай сөзiн ұқсаймын кеш ұққанға.
Сағым кiлкiп,
Сарайдың сәнi кiрiп,
Жан жарасын жалайды жарық – үмiт.
Көкбөрiнiң азғыны – ала күшiк
Айға ұлыған болады әлi құрып...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇