Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  69


Автор: Дихан Қамзабекұлы

ТІЛЕК

Сондай қиын, зор үлкен,
Ауырлыққа ұшырап,
Отыр түгел дін басшы.
Үйрете алмай халқына,
Ұғындырып жалпыға,
Құр уланып қаны ащы.
Телміріп көзі тұнжырап,
Жұқарып, мұқап, былжырап.
Айтпайын десе өзі,
Көріп тұр қайтсін көзі,
Сол себепті қылмысты.
Айтамын деп сорлы,
Өте мінді болды,
Кездесіп басқа мол істі.
Екі жақтап соққы жеп,
Ұшыраған мұңға зор кебеп.
Жалғыз мұңы – Құдай,
Айтатын сөзі жылай:
«Халымды міне көрсейші?».
Діннің еркін,
Емін-еркін
Түгел бізге берсейші.
Сұрау, тілеу – сізден,
Бірге бол деп бізбен.
Қабылдап өзің,
Сүрткізіп көзін,
Қуант бізді шат қылып.
Тисе ерік,
Тізгінді беріп,
Дінді үйретсек жат қылып.
Дегенге жеткіз, Алла!
Қарап мұңмен, зарға.


1931 ж., майдың 29-ы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу