Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.09.2022
198
МІНСІЗ ТАЗА МЕРУЕРТ
Мінсіз таза меруерт,
Су түбінде жатады.
Мінсіз таза асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан зат,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады.
(Бұл өлең дәптердің ашық жеріне басқа сиямен кейінірек жазылған.– Құр.)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇