Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  77


Автор: Жанат Әскербекқызы

Әл үстінде жатыр сорлы үмітім...

Әл үстінде жатыр сорлы үмітім,
Күзетеді күдік келіп күні-түн,
Терезені сындыра алмай тепсініп


Ашулы жел шығарғандай бір үкім.
Айтып отыр ауыш арман бір әзіл,
Үзілсе дем – жоқтар сезім тұр әзір.
Босағадан күреңіткен қайғы аттап,
Қыл көпірге әзірленіп күнә жүр.
Жылай-жылай көзі кеткен соқыр мұң,
Зарлағанда түңілдім де өкіндім.
Құлағына құлып салып сананың,
Жүрегіме ақыл қосып отырдым.
Көз жұмды үміт... қара кебін қымтанды,
Тағдыр қимай талықсыған бір таңды.
Қабірге кеп күңіренген күдіктің
Жанарынан жас тамбады... у тамды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу