Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  502


Автор: Генерал Асқаров

Қайтер ең?

Сүйесің қылығын, сөзін, жарқын жүзін,
Көңілің еш ұмыта алмас оның ізін.
Бірақ ол сыр түсінбес жас баладай,
Қайтер ең, осылай болса сүйген қызың?
Бойжеткен сүйкімді боп талшыбықтай,
Толықсып туған айдай, бір ақ маңдай.
Бірақ та сен сыр айтсаң ол айтпайды,
Қайтер ең, сүйген қызың болса осылай?
Әрқашан қызығасың оған қанша,
Тілейсің, «бұл сандуғаш маған қонса».
Бірақ та мұныңды ол байқамайды,
Қайтер ең, сүйген қызың осылай болса?
Қыз емес ашуланшақ, қабақ түйген,
Әркім-ақ мұндай қызға басын иген.
Бірақ та жүрек сырын аңғармайды,
Қайтер ең, осылай болса қызың сүйген?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу