Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  120


Автор: Мақпал Жұмабай

Алаулы көктем, аяулы көктем...

Алаулы көктем, аяулы көктем,
Мұңаймауымды қалайды көктем.
Жабығып жүр ем, сен “жыми” дедің,
Тіліңді алдым, жәрайды, көктем!
Жүректерде қанша мұң, көктем?
Мен сені күтіп шаршадым, көктем.
Шулы қаладан тұншыққан менің
Жүрегімде де алша мұң, көктем.
Жүрексіздерден қорқамын, көктем,
Түйсігі барлар тым шағын, көктем.
Өтінем, бұлдыр бұлт арасынан
Қол бұлғап қойшы Күн-сағым, көктем!
Дала да тынған сілтідей, көктем,
Тірлікке мынау күлкі бер, көктем.
Аңғал досын да алдап кететін
Көп екен күншіл түлкілер, көктем.
Кешіккен кезде жәй налып кеткем,
Сен, келдің қайтып айналып, көктем.
Сол сәтте-ақ менің айна мұңдарым
Айна көлдерге айналып кеткен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу