Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  106


Автор: Мақпал Жұмабай

Күңкіл-шүңкіл әңгімеде жоқ үміт...

Күңкіл-шүңкіл әңгімеде жоқ үміт,
Өткен күнді өмір өзі безбендер.
О, жасаңдар, арпалыстар астында
Шындық барын сезгендер!
Буырқанған, буырқанған Іледей,
Менің мәңгі тасуымды тіле, Күн.
Терезелі тіршіліктің түбінде
Адалдықтың барын анық білемін.
Жер бетінен іздеп жүрмін ес-түссіз,
Қайдасың-ей, ақиқаттың семсері?
Қалам, далам, сол ақиқат келгенше
Қаламыммен сүйей тұрам мен сені!
Қаламыммен сүйей тұрам мен сені!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу