Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  110


Автор: Есләм Зікібаев

Айналайын ауылым-ай, жылда келем...

Айналайын ауылым-ай, жылда келем,
Ауылыма кеп жүрген жан бір ғана мен
Емесімді білем-ау,
Сонда дағы
Бүкпесі жоқ шын сырды тыңда менен.
Арзымаған əзірге сөзі, тірі
Анам бар ғой,
Анам бар көзі тірі.
Көзі тірі, болмаса өзге түгіл,
Өзіне де жүрмейді өз үкімі.
Ерлерге ұқсап көтерген кіл ауырды,
Қаратқан жан аузына бір ауылды!
Ақылға келтіре алмай қиналды
Мына қыз, мына келін, мынау ұлды.
Елемей жеңіл-желпі тұмауыңды,
Ерлерге ұқсап көтерген кіл ауырды –
Кесек мінез жан еді кесіп айтып,
Қарататын аузына бір ауылды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу