Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  168


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Түсімде неге ылғи барда отырам?

Түсімде неге ылғи барда отырам?
Ішкенім ірің болып зорға отырам...
Төлеужан неге тағы аңырап тұр?
Шеменнен бір босайтын шаңырақ – бұл:
Өзі іште,
Ал, қақпаның ар жағында
Иесіз қалған қойы маңырап тұр!
Рас па, қалай сенем түсіме мен,
Менің де жылап жатқан ішім – өлең.
Жұматай – мұнда,
Сыртта – Кенежирен
Жер тарпып тұяғымен, кісінеген.
Мұқағали – бейне алып Жер тіреуі,
Жүзінде – бардың күллі өрті-лебі:
«Алаштың ақындарын осында әкеп,
Немесе байлап қойып өлтіреді...» –
Деді де шығып кетті,
Қара да тұр:
Ол қазір мұнда емес, – Жер-Анада тұр.
Түлкінің боғы екен-ау көрген түсім,
... Барға енді басқа ақындар бара жатыр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу