Өлеңдер ✍️
ҚАРАША
Қараша күз, төбемде қараша аспан,
Жұлдыздары тарыдай бала шашқан.
Шуылдайды қарғалар жағы сенбей,
Пікір айтып қыс жайлы талас ашқан,
Жер тоңазып қонады аппақ қырау,
Сұрқы кетіп сиықсыз боп қапты бау.
Сықырлайды бұтақтар, сықырлайды,
Жапырақтарын аяулы жоқтап тұр-ау.
Тұңғыш рет күз жырын жазған шағым,
Жел гулейді мақтан ғып аз мансабын.
Сынығындай орақтың жүдеу айға,
Қарап тұрып күрсініп жазды аңсадым.
Қанаттыға қызығам қалықтаған,
Мұңлы әндері жетіп тұр анық маған.
Самолеттен қап кеткен жолаушыдай,
Тырналардың соңында қалып барам.
Сап келгендерді бұлтаққа,
Саясат ерге өңгерді.
Кабакта өскен ұрпаққа,
Ұрсудың жөні келді енді.
Ес біліп, етек жаба сап,
Азып кеткені аз ба оған?
Есті жи енді, болашақ,
Есер боп кете жаздаған.
Борсыған шарап иісі,
Басыңа ұрып бәлдендің...
Тоқтады тәтті күйісі,
Даяшы менен барменнің.
Қайғысы үлкен олардың,
Құмырға бүгін ес кірді.
Кобралары қоғамның,
Шаға алмайды енді ешкімді.
Қылаң боп кеп ең, баран аш,
Күйіңнен айық шала мас.
Қоғам ісіне аралас,
Шындыққа болыс – жалаңаш.
Кезіңді ұмыт шайқаған,
Қанатын қақсын қайран жыр.
Кабак біткенді қайтадан,
Кітапханаға айналдыр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇