Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  75


Автор: Алмас АЛТАЙ

От салмасын арамызға өткен күндер арада...

От салмасын арамызға өткен күндер арада,
Санам сендік, мені, күнім, сезімсізге санама.
...Әйнегімнің ар жағында әйдік шөлмек шаһар тұр...
Сыз себелеп жүрегіме, тұз себелеп жарама.
Сенен безіп кеткенім жоқ, келді баққа кезіккім,
Кім болып ем, енді кіммін, келді соны тез ұққым.
Сендер жақта жаз дейді ғой...
...Әйнегімде қырау тұр.
...Тыныштықты іздеймін деп, тым ыстықтан безіппін.
Таусылғанша тағдырлас бол, Тәңір берген енші күн,
Бағын асыр, барын жайып, бүркемеле кемшінін.
Жүрегіме қырау түгіл кірбің түссе қылаудай,
Тазартып ал!
Ол өйткені тек өзіңнің меншігің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу