Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.08.2022
251
ТҮН –ТІРЛІК
Қара қазан - қара түн,
Бұрқыраған буы - бұлт.
Тіршіліктің сағатын
Қуырдақ етті қуырып.
Шөміші тұр ілулі
Жұлдыз - шоғы жылтырап.
Көкжиегім түрулі
Бақыт иісі бұрқырап.
Қара қазан - қара түн
Ағарған таң - ақ дәмім.
Болашаққа баратын
Басқа жолды таппадым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇