Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  84


Автор: Гүлнар НАУЫРША

О Н Д Ы

Жақын тартам сені ылғи жүрегіме,
Ілесіп кетсем де уақыт легіне.
Бұлағыңнан су алып көгалыңда,
Жүруші едім жеткендей мұралыма.
Тұрсың ба қабағыңды түйіп қарап,
Бал кезді бастан кешкен биік қырат.
Барғанда сырғанауға достарменен,
Жататын тау басынан тайып құлап.
Қалды ма жыра сайың біз бармаған,
Шөлдегенде бұтағыңды талмағам.
Қаратаудың басындағы айыртас,
Көкірегіме басылған мөр ол маған.
Жүремін келген жаннан сені сұрап,
Сен жайлы өлеңімді іштей құрап.
Бір күні туған жерге бара қалсам,
Жырыңды айтшы дей ме, мені сынап.
Есімде жүгірген шақ жерге аунаған,
Көк ерік «колхозбақтан» көп ұрлаған.
Артыңнан қарауыл шал қуған кезде,
Аттай алмай жығылатын салмадан...
Аппақ сезім...өзіңді мен қаузаман,
«Аңсасаң да келмес қайтып ол саған».
Қалай бірақ жасырайын сырымды,
Жүрегімді ту түбінен қозғаған.
Көкіректен тылсым күй төгіледі,
Сағыныштан жүрегім егіледі,
Құшағыңды сол күндей жайсаң-дағы,
Тағдырдың айырмасы білінеді.
... Білемін сен де мені сағынасың,
Гүлдерден алтын алқа тағынасың.
Гүлнәр қыз өткерсе де уақыт көшін,
Түсінбей жүр әлі өмір мағынасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу