Өлеңдер ✍️

  02.08.2022
  326


Автор: Қазданбай Қосжанов

ЖАЙЫҚ ЖАҒАСЫНДА

Бұлқынып сол кезде Ақ Жайық,
Сезімге бөледі ғажайып.
Жатқандай: «Шомыл, – деп, – суыма»,
Барады шыдамым азайып.
«Кел, – дейді, – ойнайық!» шабағы,
«Секір» – деп тұрады жар қабағы.
«Келші, кел, ұйқыңды ашайын» –
Толқыны жағаны сабады.
«Ұмытып кеттің бе?»... құстары шулады,
Түсті еске бала шақ... жүрегім тулады.
Бірақ та сүңгімей көп тұрдым,
Оралып тәтті жыр шумағы.
Бұлқынып сол кезде Ақ Жайық,
Сезімге беледі ғажайып.
Жатқандай: «Шомыл, – деп, – суыма»,
Барады шыдамым азайып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу