Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.08.2022
148
ТЕРЕЗЕМЕ ТЕЛМІРМЕ, ТҮН!
Тереземе телмірме, түн,
Қап-қараңғы сенің бетің.
Жұлдыздарың жарқырайды,
Ашып заңғар аспан көркін.
Тереземе көзің сатпа,
Қап-қара қып бояу жақпа.
Сені қалай кіргіземін,
Сыйып жүрмін өзім шаққа.
Тереземнен үңілесің,
Тірлігімнен түңілесің.
Ызғар тартқан жүрегіме
Кіргің келіп, телміресің.
Тереземе үңілмеші,
Қап-қара боп көрінбеші.
Күтіп тұрмын арайлы таң,
Жарық күнім, өзің келші!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇