Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  83


Автор: Айсырға Қилыбаева

Күз жетіпті-ау жердің сұрқын қашырып...

Күз жетіпті-ау жердің сұрқын қашырып,
Сары жапырақ жатыр жолда шашылып.
Қорғасындай қарақошқыл қою бұлт
Түнеріп тұр көкжиекке асылып.
Шамал тартып күздің салқын лебі,
Көк шалғынды жұлқып, жұла береді.
Төмен салып, аспан түйіп қабағын,
Зілдей-зілдей суық моншақ төгеді.
Түн аспаны төнді жүзі сұрланып,
Бұлтты жыртып, Ай қарайды ұрланып.
Бізге жұмбақ сыр шертісіп жатқандай,
Перде астына жұлдыз біткен жиналып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу